457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жүзуден Азия ойындарына қатысатын спортшылар құрамы белгілі болды

Жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың шешуші кезеңіне кірісті. Бұл туралы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында бас бапкер Станислав Осинский мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бас бапкердің айтуынша, биылғы маусымдағы ұлттық құраманың басты мақсаты – Азия ойындарында табысты өнер көрсету. Осыған дейін қазақстандық жүзгіштер жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сәтті нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды және бірқатар жеке әрі құрлық рекордтарын жаңартты.

Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың құрамы да белгілі болды. Жапониядағы басты додада Қазақстан намысын Әділбек Мусин, Глеб Коваленя, Ксения Игнатова, Айбат Мырзамұратов, Максим Сказобцев, Максим Клименко, София Абубакирова, Софья Сподаренко, Фёдор Диденко және Александр Румынский қорғайды. Құрама сапы жыл басында бекітілген іріктеу талаптарына сәйкес жасақталды. Негізгі критерий ретінде спортшылардың World Aquatics рейтингіндегі көрсеткіштері ескерілді, – деді Станислав Осинский.

Қазіргі таңда ұлттық құраманың негізгі бөлігі Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұған дейін команда Ыстықкөлдегі таулы аймақта дайындықтан өткен. Ал кейбір спортшылар АҚШ-та жеке бағдарламамен жаттығуда.

Станислав Осинскийдің айтуынша, қазіргі кезеңде арнайы дайындыққа, жарыс қарқынына бейімделуге, жылдамдықты арттыруға және жүзу техникасын жетілдіруге басымдық берілуде. Ал Азия ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны Жапонияның Нара қаласында өтеді. Онда спортшылар жергілікті уақыт белдеуіне, ауа райына және жарыс жағдайына бейімделеді.

Бас бапкер Азия ойындарында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Сингапур құрамалары басты бәсекелестер болатынын атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық құраманың негізгі мақсаты – әрбір спортшының өз мүмкіндігін толық пайдаланып, ел намысын лайықты қорғауы.

 

Фото: ҰОК

Ең көп оқылған