Қазақстан әртістік жүзуден әлем чемпионатында тағы бір тарихи күміс медаль жеңіп алды
Әртістік жүзуден Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына үшінші жүлде түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Топтық акробатикалық бағдарлама финалында қазақстандық спортшылар 203,0926 ұпай жинап, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер бұл бағдарламада мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.
1. Бейтарап атлеттер - 232,2147 ұпай
2. Қазақстан - 203,0926 ұпай
3. Беларусь - 200,9777 ұпай
Айта кетейік, Қазақстан командасы үшін бұл жүлде - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы үшінші медаль. Бұған дейін ерлер арасындағы техникалық соло сайысында Виктор Друзин қола жүлдеге ие болса, бүгін Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптық еркін бағдарламада ел тарихындағы тұңғыш күміс медальді жеңіп алды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған