Йоханнес Либман 1500 метрге жүзуде әлемдік рекорд жаңартты
Германиялық жүзуші Йоханнес Либман Парижде өтіп жатқан су спорт түрлерінен Еуропа чемпионатында 1500 метрге еркін жүзуден әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды malimsports.kz.
19 жастағы спортшы қашықтықты 14 минут 26,79 секундта жүзіп өтіп, алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ол америкалық Бобби Финктің бұған дейінгі әлемдік рекордын жаңартты. Финк бұл нәтижені Париж Олимпиадасында көрсеткен болатын — 14 минут 30,67 секунд.
Жарыста екінші орынды Венгрия өкілі Залан Шаркани иеленді. Ол 1500 метрді 14 минут 39,45 секундта аяқтады. Қола жүлде тағы бір германиялық спортшы Оливер Клеметке бұйырды - 14 минут 40,64 секунд.
Айта кетейік, Йоханнес Либман бұған дейін Париждегі Еуропа чемпионатында 800 метрге еркін жүзуден де алтын медаль алған.
Су спорт түрлерінен Еуропа чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.
Фото: Ашық дереккөзден
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған