457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Виктор Друзин көркем жүзуден Азия чемпионы атанды

Көркем жүзу жарыстары Бангкокте 25 шілдеге дейін жалғасады.

Таиланд астанасы Бангкокте су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарыстары басталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Сайыстың алғашқы күнінде ерлер арасындағы техникалық соло бағдарламасында жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин үздік нәтиже көрсетіп, құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы 231,8550 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Екінші орынды тағы бір отандасымыз Алдияр Рамазанов еншілеп, 229,0583 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Ал жарыс қожайыны Таиланд өкілі Пантуракса Васин 175,3992 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Виктор Друзин өткен жылы да Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Көркем жүзу жарыстары Бангкокте 25 шілдеге дейін жалғасады.

Фото: ҰОК