457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Виктор Друзин әлем кубогының суперфиналында күміс жүлде жеңіп алды

Отандасымыз еркін бағдарлама бойынша өткен жарыста 248,5525 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Бұл нәтиже оған жарыстың екінші сатысына көтерілуге мүмкіндік берді.

Канададағы Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналында қазақстандық спортшы Виктор Друзин ел қоржынына тағы бір жүлде салды, деп хабарлайды malimsports.kz

Отандасымыз еркін бағдарлама бойынша өткен жарыста 248,5525 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Бұл нәтиже оған жарыстың екінші сатысына көтерілуге мүмкіндік берді.

Алтын жүлде Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблинге бұйырды. Ол 255,9600 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үздік үштікті Италия спортшысы Филиппо Пелати түйіндеді. Оның еншісінде 246,2639 ұпай бар.

Айта кетейік, Виктор Друзин бұған дейін техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша қазақстандық спортшы Торонтодағы беделді жарыста екі бірдей жүлде еншілеп, ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуіне өз үлесін қосты.

Фото: ҰОК