457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Итальяндық жүзуші 50 метрге арқамен жүзуде әлем рекордын жаңартты

19 жастағы спортшы жартылай финалда қашықтықты 26,63 секундта жүзіп өтіп, өз тобында бірінші орын алды.

Италиялық жүзуші Сара Кертис Парижде өтіп жатқан су спорты түрлерінен Еуропа чемпионатында 50 метрге арқамен жүзуден әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz

19 жастағы спортшы жартылай финалда қашықтықты 26,63 секундта жүзіп өтіп, өз тобында бірінші орын алды.

Кертис австралиялық Кэйли Маккиоунның 2023 жылдың қазан айында орнатқан 26,86 секундтық әлем рекордын 0,23 секундқа жақсартты.

Сара Кертис - 2024 жылғы қысқа бассейндегі әлем чемпионатында 4×50 метрге еркін жүзуден аралас эстафетада әлем чемпионы. Париждегі Еуропа чемпионатында ол бұған дейін 100 метрге еркін жүзуден қола медаль жеңіп алған.

50 метрге арқамен жүзуден жартылай финалдың екінші нәтижесін Ресей өкілі Алина Гайфутдинова көрсетті — 26,91 секунд. Ол бұл көрсеткішімен Ресейдің ұлттық рекордын жаңартты. Үшінші нәтиже Франция спортшысы Мари-Амре Молуға тиесілі — 27,25 секунд.

Су спорты түрлерінен Еуропа чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.

Фото: Getty Images