457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Юлия Галышева спорттық мансабына қатысты пікір білдірді

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтаған болатын. 

2018 жылғы Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева спорттық мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтаған болатын. 
Отандасымыз бұл Олимпиадада фристайл-могулдан жекелей сында 14-орын, ал параллель могулда 1/8 финалда өнер көрсетті.

Юлия Галышева жарыстан кейін Kazinform тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, алдағы спорттық мансабы туралы айтты.

Шынымды айтсам, енді менің жоспарымда Олимпиада ойындары жоқ. Алайда әлі болашағым туралы нақты шешім қабылдамадым. Спорт саласында қаламын деп ойлаймын, - деді спортшы.

Ол сонымен қатар болашақта жаттықтырушы болу мүмкіндігі туралы айтты. 

Жаттықтырушы болу туралы ешқашан ойлаған емеспін, - деп қысқа қайырды Галышева.

Айта кетейік, бүгін 16 қазақстандық спортшы 7 спорт түрінен жарыс жолына шығады. 

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК