457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Юлия Галышева Олимпиададағы мансабын аяқтады

Алайда спортшы ширек финалға өте алмады.

Қазақстанның ең танымал фристайлшылардың бірі, 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Олимпиададағы спорттық жолын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді.

Галышева 2026 жылғы Қысқы Олимпиадада (Италия) Қазақстан құрамасының сапында параллель могул дисциплинасында сынға түсті. Алайда спортшы ширек финалға өте алмады.

1/8 финалда ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық Хинако Томитакеден жеңіліп қалды. Нәтижесінде Юлия Галышева Олимпиададағы жарысты 13-орынмен аяқтады.

Жарыстан кейін спортшы Олимпиададағы мансабын аяқтағанын нақты айтты.

«Бұл Олимпиада мен үшін соңғысы. Жалпы есептегі жеңістен басқа барлық атағым бар. Соған ризамын», – деді Юлия Галышева.

Юлия өзінің Олимпиададағы ең маңызды жетістігі – 2018 жылғы қола медаль екенін ерекше атап өтті.

«Иә, ол алтын да емес, күміс те емес – қола. Бірақ мен үшін бұл алтынмен бірдей. Жеке могулда қола алу – өте үлкен еңбек», – деді ол.

Галышева Олимпиададағы жолын жапқанымен, спорттық маусымды бірден тоқтатпайтынын айтты. Оның сөзінше:

Қазақстан құрамасы Жапониядағы Әлем кубогы кезеңін өткізіп алады;

Бірақ Әзербайжанда өтетін Әлем кубогының финалына қатысу жоспарланып отыр.

Юлия жарыс кезінде көптеген қателік жібергенін мойындап, ең бастысы жарақат алмағанына қуанышты екенін жеткізді.