ХОК ресейлік спортшылардың Олимпиадаға қатысу шарттарына әсер етпейтінін мәлімдеді
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Украинадағы әскери қақтығыс бойынша бейбіт келісім жасалған күннің өзінде ресейлік спортшыларды Олимпиада ойындарына жіберу шарттары қайта қаралмайтынын мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы Corriere della Sera басылымына ХОК президенті Кирсти Ковентри айтты.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6 ақпанда басталады. ХОК шешіміне сәйкес, ресейлік спортшылар Олимпиадаға тек бейтарап мәртебеде және тек жеке спорт түрлерінде ғана қатыса алады. Ол үшін іріктеуден өтіп, арнайы комиссияның (AINERP) рұқсатын алуы тиіс.
Кирсти Ковентридің айтуынша, қазір қабылданған шешім өзгермейді.
«Бұл кезеңде ештеңе бұрын қабылданған шешімді өзгертпейді: тек жеке спорт түрлеріндегі бейтарап спортшылар», - деді ХОК басшысы.
Қазіргі таңда ХОК 2026 жылғы Олимпиадаға қатысуын ресми түрде растаған үш ресейлік спортшы бар. Олар - мәнерлеп сырғанаушылар Аделия Петросян мен Петр Гуменник, сондай-ақ ски-альпинизм өкілі Никита Филиппов.
Сонымен қатар Ресей спортшыларына шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шорт-трек бойынша Олимпиадаға қатысу квоталары берілгені хабарланды.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған