ХОК ресейлік екі спортшыға Олимпиадаға қатысуға рұқсат берді
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресейлік шорт-трек спортшылары Иван Посашков пен Алена Крыловаға Италияда өтетін Олимпиада ойындарына бейтарап мәртебеде қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жазылды.
Олимпиадаға қатысу үшін спортшылар бұл шақыртуды қабылдауы тиіс.
Бұған дейін ХОК ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Аделия Петросян мен Петр Гуменниктің, сондай-ақ ски-альпинист Никита Филипповтың да Олимпиадаға қатысуын мақұлдаған еді.
Алайда Олимпиадаға бару үшін ресейлік спортшылар іріктеуден өтуі,
және ХОК жанындағы арнайы комиссия – AINERP тексеруінен өтіп,
бейтарап мәртебе талаптарына сай келуі қажет болуы талап ретінде аталды.
Алена Крылова желтоқсанда өткен Ресей чемпионатында 500 метрде,
1000 метрде екі алтын медаль жеңіп алды. Ал Иван Посашков сол жарыста
эстафетада алтын медаль иеленген.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған