457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Хамза Ғұлама мен Шадияр Қуандық Сурдлимпиада чемпионы атанды

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

66 келіге дейінгі салмақта белдескен Хамза Ғұлама финалда Алжир спортшысы Бухидель Абдеррахманды таза жеңіспен – иппон әдісімен ұтып, Сурдлимпиаданың чемпионы атанды.

Сондай-ақ Шадияр Қуандық (-73 кг) та финалда Оңтүстік Корея спортшысы Хванг Хёнді  иппонмен жеңіп, Сурдлимпиада ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, биылғы жазғы Сурдлимпиада 15–26 қараша аралығында өтуде. Есту қабілеті зақымданған спортшыларға арналған төрт жылда бір өтетін бұл байрақты бәсекеге 81 елден шамамен 3000 спортшы қатысып жатыр. Жарыстар 21 спорт түрі бойынша 209 дисциплинада ұйымдастырылған. Қазақстан құрамасы 78 спортшыдан жасақталып, 8 спорт түрінде ел намысын қорғауда.

 

 

Фото: csp-parasport.kz