Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан іріктеуден өткен 60 спортшы спринт сайысында жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл бәсекеде Владислав Киреев мәреге 42-орынмен жетті. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 12.5 шақырым қашықтықты құрайтын сайыста отандасымыз нысанаға көздеуде 4 рет мүлт кеткен.
1-орын. Мартин Понсилуома (Швеция) 31:11.9 (1 рет мүлт кетті)
2-орын. Стурла Холм Легрейд (Норвегия) 31:32.5 (2 рет мүлт кетті)
3-орын. Эмильен Жаклен (Франция) 31:41.6 (3 рет мүлт кетті)
42-орын. Владислав Киреев - 35:52.0
Айта кетейік, 11 жүлде сарапқа салынатын биатлон жарысы 21 ақпанда мәресіне жетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы