457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Владимир Смирнов ұлттық құрама үшін бір медальдың өзің табыс екеніндігін атады

Қазақстан тарихында қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтын жүлдегері, аңызға айналған шаңғышы Владимир Смирнов Миланда өтетін Олимпиада-2026 қарсаңында ұлттық құраманың мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Лиллехаммер-1994 Олимпиадасының чемпионы Qazsport телеарнасына берген сұхбатында өз ойымен бөлісті, деп жазады malimsports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап. 

Владимир Смирновтың айтуынша, Олимпиададағы кез келген медаль ел үшін үлкен жетістік болмақ.

"Тіпті, бір ғана медальдің өзі ұлттық құрама үшін үлкен табыс болар еді.Кез келген ел секілді біз де жүлде көп болғанын қалаймыз, спортшыларымыз биік тұғырдан көрінсе екен дейміз, әлем біз жайлы айтқанын қалаймыз. Әрине, кейбір спорт түрлерінде бұндай жетістікке қол жеткізу әбден мүмкін", - деді Владимир Смирнов. 

Сондай-ақ олимпиада чемпионы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға арнайы тілегін айтты. Ол жарыс алдындағы психологиялық тұрақтылық пен жүктемені еңсере білу аса маңызды екенін атап өтті.

"Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға айтарым - Олимпиада мерекесі олардың жадында мәңгі сақталсын. Өйткені Олимпиадаға қатысып, өзіңді көрсету бақыты - әркімге бұйыра бермейді. Ал біз нақты нәтиже күтетін спортшыларға психологиялық әрі физикалық қысымды еңсере білулерін тілеймін. Жарысқа бір түн қалған кезде энергетикалық, психологиялық тұрғыдан жарысқа толық дайындалып, зор күш қуатпен шықса екен деймін. Әрбір спортшының қазақы рухы оянып, бойында күш-жігерінің арта түскенін тілеймін", - деді. 

Владимир Смирнов атап өткендей, Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін кезекті маңызды сынақ болмақ. Бұл жолы табыс тек физикалық дайындыққа ғана емес, мінезге, жігерге, сенім мен рухқа да тікелей байланысты.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылы 6–22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында өтеді.

Фото: ҰОК