457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Тым болмаса бір медаль»: министр Қысқы Олимпиададан үмітін айтты

Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылы Италияда өтеді.

Келер жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 35 спортшы қатысады. Осыған байланысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жарыс нәтижесіне қатысты болжамын ортаға салды.

Министрдің айтуынша, 1994 жылдан бері өткен сегіз қысқы Олимпиадада қазақстандық спортшылар бар болғаны бес медаль жеңіп алған.

«Өкінішке қарай, 2018 жылдан бері бірде-бір медаль бұйырған жоқ. Сондықтан біз алдағы Олимпиадада тым болмаса бір жүлде алу үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Ғылыми негіздегі дайындық әдістемелері енгізіліп, білікті мамандар тартылуда», - деді министр Үкіметтегі брифингте.

Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов нәтижеге жету тек дайындыққа ғана емес, жарыс сәтіндегі спортшының психологиялық және физикалық жағдайына да тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Барлық жағдай жасалғанымен, шешуші сәтте спортшының эмоциялық күйі мен денсаулығы маңызды рөл атқарады. Дегенмен бүгінгі таңда министрлік, жергілікті әкімдіктер мен федерациялар бірлесіп, көптен күткен медальге қол жеткізуге нақты әрекет етіп жатыр», - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылы Италияда өтеді.