457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркия атынан өнер көрсететін ресейлік спортшы Олимпиада жүлдесінен айырылды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы әйелдер арасындағы 800 метрге жүгіру жарысының қорытындысын ресми түрде қайта қарап, медальдарды қайта бөлді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Мұндай шешім Түркия атынан өнер көрсетіп жүрген бұрынғы ресейлік жеңіл атлет Екатерина Гулиеваның дисквалификациясынан кейін қабылданды.

Нәтижесінде күміс медаль кениялық Памела Джелимоға, ал қола жүлде америкалық Алисия Монтаноға беріледі.

Екатерина Гулиева Лондон Олимпиадасында бастапқыда үшінші орын алған еді. Кейін ресейлік спортшы Мария Савинованың нәтижесі допингке байланысты жойылған соң, Гулиева күміс медаль иегері атанған болатын.

Алайда спортшының өзі де кейін допинг дауына қатысты тергеуге ілікті. 2015 жылы Ричард Маклареннің баяндамасы негізінде екі жылға спорттан шеттетілгенімен, сол кезде Спорттық арбитраждық сот (CAS) оның Олимпиада медалін күшінде қалдырған еді.

Бірақ 2024 жылы Ресей жеңіл атлетика федерациясы спортшыға қатысты жаңа шешім қабылдап, оны қайтадан дисквалификациялағанын хабарлады. Сонымен қатар оның 2012 жылғы 17 шілде мен 2014 жылғы 20 қазан аралығындағы барлық нәтижелері жарамсыз деп танылды. Бұл шешім Олимпиададағы медаль нәтижесіне де әсер етті.

Гулиева кейін бұл шешімге CAS арқылы шағым түсіргенімен, 2025 жылдың мамырында сот апелляцияны қанағаттандырмай, санкцияны күшінде қалдырды.

Спортшыға қатысты шешім Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың LIMS деректер базасындағы мәліметтер негізінде қабылданған. Ал 2021 жылдан бері Екатерина Гулиева Түркия ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп келеді.

 

Фото: Petter Arvidson / ZUMAPRESS.com / Global Look Press)