Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Миланда орналасқан Олимпиада қалашығына барып, Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларымен жүздесті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Сапар барысында министр шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан ел намысын қорғайтын спортшылардың жатын-жайы, дайындық барысы, тамақтануы мен күн тәртібімен танысты. Сондай-ақ ол жаттықтырушылармен пікір алмасып, жарыс алдындағы көңіл күйі мен дайындық деңгейін сұрады.
Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов спортшыларға сәттілік тілеп, басты бәсекеде өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, жоғары нәтиже көрсетуге шақырды. Министр бүкіл елдің командаға жанкүйер екенін атап өтіп, Олимпиадада командалық рух пен жауапкершіліктің маңызын ерекше айтты.
Фото: скриншот