Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі жарияланды.
Қатысушы елдердің ресми өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) сайтында орналастырылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Ал Никита Кривошеев пен Артур Смагулов қосалқы спортшылар ретінде тіркелген.
Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Қазақстан атынан Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді. Мұздағы би бағдарламасында Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы бақ сынайды.
Айта кетейік, Төрт құрлық чемпионаты 21-25 қаңтар аралығында Қытайдың Бейжің қаласында өтеді. Бұл жарыс мәнерлеп сырғанаушылар үшін маусымдағы маңызды халықаралық турнирлердің бірі саналады.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған