Мәзір
Олимпиада

Тау шаңғысынан қазақстандық спортшы алғашқы отыздыққа да кіре алмады

Сабина Асқарқызы 95 қаралым
Тау шаңғысынан қазақстандық спортшы алғашқы отыздыққа да кіре алмады

Қазақстандық спортшы Александра Скороходова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан сынға түсті.

Отандасымыз слалом-гигант бағдарламасында ел намысын қорғады. 

Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік уақыт көрсеткішін тіркеген спортшы жеңімпаз атанады.

Нәтижесінде Александра Скороходова 2:23.31 уақыт көрсеткішімен 37-орынға тұрақтады.

Италиялық Федерика Бриньоне екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды - 2:13.50. Бұған дейін ол супергигантта топ жарған еді. Швециялық Сара Хектор және норвегиялық Стьернесунн Теа Луиз бірдей уақыт көрсеткішін тіркеп (2:14.12), екінші орынға ие болды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар