«Сырғанау техникасы әлсіз»: Әлем чемпионы Шайдоровтың өнеріне баға берді
Мұздағы билерден екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік спортшы Максим Ставиский 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың еркін бағдарламасына пікір білдірді.
Metaratings.ru басылымына берген сұхбатында Ставиский Олимпиада қарсаңында көпшілік Шайдоровтың чемпион болатынына аса сенбегенін атап өтті.
Оның айтуынша, Шайдоровтың сырғанау техникасы мінсіз болмаса да, дәл шешуші сәтте секіру элементтерін жоғары деңгейде орындауы оған алтын медаль алып келді.
«Сырғанау техникасы жағынан ол сәл әлсіздеу. Бірақ Михаилден басқа ешкім секіру элементтерін алтынға жетерлік деңгейде орындай алмады. Өте өкінішті, себебі Адам, Малинин мен Кагияманың өнері ерекше ұнайды. Алайда Олимпиадада күйзеліс пен моральдық қысым қатты әсер етеді», — деді Максим Ставиский.
Сондай-ақ, ол жарыс алдындағы болжамдарда Шайдоровтың басты фаворит ретінде қарастырылмағанын да айтты.
Фото: Сали Сабиров (ҰОК).
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған