Шорт-тректен Әлемдік турдың іріктеу кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың тізімі жарияланды
Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың төртінші іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҰОК дерегінше, бұл додада Қазақстан құрамасынан 11 спортшы ел намысын қорғайды. Медаль мен маңызды рейтингтік ұпай үшін мына спортшылар бақ сынайды:
Ерлер: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали
Әйелдер: Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева, Малика Ермек.
Төртінші кезең 27-30 қараша аралығында өтеді.
Айта кетейік, Әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде ұйымдастырылады. Осы кезеңдердің қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу квоталары бөлінеді.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған