Шорт-трекші Денис Никиша төртінші рет Олимпиадада сынға түсті
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек сайысынан ту ұстаушымыз Денис Никиша 1000 метр қашықтықта сынға түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Денис Никиша өз тобында кіл мықтылар жиналған Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Пьетро Сигель (Италия), әлем чемпионатының жүлдегерлері Кантен Феркок (Франция), Брендан Кориямен (Аустралия) бірге жүгірді.
Нәтижесінде отандасымыз 1:25.987 уақыт көрсеткішімен 3-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, әр топтан тек 2 үздік нәтиже көрсеткен спортшы ширек финалға өтеді.
Енді ұлттық құрамамыз аралас эстафетада бақ сынайды.
Фото: ҰОК/Сали Сабиров
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған