Софья Самоделкина Хорватияда жүлдегер атанды
Хорватия астанасы Загребте өткен Golden Spin of Zagreb халықаралық турнирінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина үздік үштікке енді.
Қысқа бағдарламадан кейін жетінші орында тұрған Самоделкина еркін бағдарламада мінсіз өнер көрсетіп, бірнеше сатыға жоғары көтерілді. Қос бағдарламаның жалпы қорытындысы бойынша ол 182,63 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Турнирдің жүлдегерлері:
Брэйди Теннелл (АҚШ) – 194,97 ұпай
Иида Кархунен (Финляндия) – 187,05 ұпай
Софья Самоделкина (Қазақстан) – 182,63 ұпай
Golden Spin of Zagreb – халықаралық маңызы бар жарыстардың бірі. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар рейтингтік ұпай жинап, жаңа бағдарламаларын сынайды. Биылғы бәсекеде 30 спортшы қатысып, өте жоғары деңгейдегі тартыс болды.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған