Софья Самоделкина венгр жанкүйерлерін тәнті етті
Венгриялық Magyarnemzet.hu сайты әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан өнер көрсететін Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламадағы өнеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ресейде дүниеге келген -. Қысқа бағдарламасы үшін ол венгриялық нақыштарды таңдаған: көйлегі Венгрия туының қызыл-ақ-жасыл түстерінде тігілсе, музыкалық сүйемелдеу ретінде дәстүрлі венгр биі - чардаш әуені пайдаланылды.
«Ресей-Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Милан мен Кортинадағы қысқы Олимпиадада венгр көрермендерінің ықыласына бөленді. Өнер көрсеткен күні спортшы 19 жасқа толды. Дегенмен дәл сол күні Олимпиададағы венгр жанкүйерлеріне сый жасаған да өзі болды. Қысқа бағдарламада Самоделкина ұлттық қызыл-ақ-жасыл түсті костюмімен және чардаш әуенімен көрермендерді тәнті етті. Бағдарлама үшін спортшы италиялық композитор Витторио Монтидің атақты венгр чардашының өңделген нұсқасын таңдады. Өнері үшін ол 68,74 ұпай жинап, қысқа бағдарламадан кейін 12-орынға тұрақтады. Көрермендер оның нөмірін дүркіреген қол шапалақпен қарсы алды. Алайда спортшының өзі қойылған бағаларға толық қанағаттанбағандай көрінді. Тікелей эфир комментаторлары да ұпайдың неге жоғары болмағанына таңданыс білдірді», - деп жазылған мақалада.
Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған