Мәзір
Олимпиада

Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Сабина Асқарқызы 101 қаралым
Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады.

Софья еркін бағдарламада 120,22 ұпай жинап, жалпы есепте 182,51 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының тағы бір спортшысы Амира Ирматова 123,20 ұпай жинап, жарысты 21-орынмен аяқтады.

Аталған чемпионатта барлық жүлделі орындар Жапония құрамасының өкілдеріне бұйырды:

Юна Аоки – 217,39 ұпай (алтын медаль)

Ами Накай – 215,78 ұпай (күміс медаль)

Моне Тиба – 202,23 ұпай (қола медаль).

ФОТО: Olympic.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар