457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасы 28 жыл бұрынғы үздік көрсеткішін қайталады

17 ел сынға түскен бәсекеде отандастарымыз алғашқы айналымнан сәтті өте алды және 11-орынға тұрақтады

Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплиндегі командалық сайыс өтіп жатыр. Илья Мизерных пен Данил Васильевтен құралған жұп жарысты 11-орынмен аяқтады.

17 ел сынға түскен бәсекеде отандастарымыз алғашқы айналымнан сәтті өте алды және 11-орынға тұрақтады. Дәл осындай нәтижені 1998 жылы Нагано Олимпиадасында Павел Гайдук, Александр Колмаков, Дмитрий Чвыков, Станислав Филимоновтан құралған команда тіркеген еді.

Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіруден командалық сайыста отандастарымыз ең кейінгі рет 20 жыл бұрын Турин Олимпиадасына қатысқан.

Осылайша бұл спорт түрінен біз үшін Милан Олимпиадасы тәмам. 

Басты жетістігіміз -  Илья Мизерных үлкен трамплиндегі сайыста 8-орын алуы арқылы ел тарихының ең үздік спортшысы ретінде есте қалды.

Фото: Тұрар Қазанғапов (ҰОК)