Ресей құрамасы қысқы Олимпиада тарихындағы алғаш рет алтынсыз қалды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Ресей құрамасы үшін сәтсіз көрсеткішпен аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл жолы ресейлік спортшылар қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет алтын медальға қол жеткізе алмады.
2026 жылғы додаға Ресейден небәрі 13 спортшы ғана қатысқан. Салыстырмалы түрде алғанда, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында 202 спортшы өнер көрсеткен еді. Құраманың мұншалықты қысқаруына жаппай шеттетулер әсер етті. Команда жарыстарға тағы да ұлттық ту мен толыққанды мәртебесіз қатысты.
Олимпиада аяқталуға жақын уақытта Ресей қоржынында бір ғана күміс медаль болды. Оны ски-альпинизмнен Никита Филиппов спринт жарысында жеңіп алған.
Соңғы рет ресейлік спортшылар Олимпиада алтынын 2022 жылғы 19 ақпанда жеңіп алған еді. Сол күні шаңғышы Александр Большунов масс-стартта жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Олимпиада-2026 Ресей құрамасы үшін тарихи тұрғыда ең төменгі нәтижелердің бірі ретінде тіркелгелі отыр.
Фото: ТАСС
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған