Мәзір
Олимпиада

Қазақстандық үш могулшы Олимпиаданың финалына өтті

Сабина Асқарқызы 110 қаралым
Қазақстандық үш могулшы Олимпиаданың финалына өтті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Айта кетейік, іріктеуде үздік ондықтың қатарына енген спортшылар финалға жолдама алады.

Екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті.

Нәтижесінде Юлия Галышева 5-орын, Анастасия Городко 7-орын алса, Аяулым Әмренова 10-орынға тұрақтады. Осылайша үш қазақстандық спортшы да финалға жолдама алған 20 спортшының қатарына енді.

Айта кетейік, ақтық бәсеке бүгін, 11 ақпанда Астана уақытымен 18:15-те басталады.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар