457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық спортшылар ХОК стипендиясына ие болды

2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиадаға дайындық аясында қазақстандық спортшылар Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жекелей стипендиясын иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл бастаманы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті көтеріп, ұлттық федерациялар мен ХОК-пен бірлесіп жүзеге асырды. Барлық құжаттар рәсімделіп, спортшылардың қатысуына жол ашылды.

Бағдарламаның мақсаты – Олимпиада алдындағы төртжылдық циклде спортшыларды қолдау, іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қажетті жағдай жасау. Іріктеу кезінде гендерлік теңдік сақталды: әр спорт түрінен бір ер және бір әйел спортшы ұсынылды. Сондай-ақ мүмкіндігінше көп спорт түрі қамтылды.

Стипендия Олимпиада бағдарламасына енген жекелей спорт түрлерінің өкілдеріне берілді. Міндетті талаптар:

іріктеуден өтуге мүмкіндік беретін нәтижелер көрсету;

жоғары орындарға үміткер болу әлеуеті;

допингке қарсы ережелерді бұзбау;

Олимпиадалық хартияға қайшы санкциялардың болмауы.

Қаржы бағыттары: оқу-жаттығу жиындары, жеке дайындықтар, бапкерлер мен мамандардың еңбекақысы, медициналық және ғылыми қолдау, сақтандыру, тұру және тамақтану шығындары. Қаражаттың жұмсалуы қатаң есеппен бақыланады.

Қазақстаннан стипендия алған спортшылар:

Аида Әбікеева (бокс)

Сағындық Тоғамбай (бокс)

Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо)

Әбиба Әбужақынова (дзюдо)

Милад Карими (спорттық гимнастика)

Руслан Құрбанов (семсерлесу)

Исхар Құрбаев (грек-рим күресі)

Ризабек Айтмұхан (еркін күрес)

Зейнеп Баянова (әйелдер күресі)

Мария Бровкова (байдарка мен каноеде есу)

Александра Ле (нысана көздеу)

Ислам Сәтпаев (нысана көздеу)

Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу)

Батырхан Төлеуғали (таеквондо)

Алан Құрманғалиев (үстел теннисі)

Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика)

Әсем Орынбай (стенд ату)

Сергей Петрович (ауыр атлетика)

Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика)

Данил Мұсабаев (батут гимнастикасы).

Қазақстандық спортшылардың бұл бағдарламаға енуі — Олимпиада-2028 ойындарына сапалы әрі жүйелі дайындалуына қосымша мүмкіндік береді.

 

Фото: ҰОК