Мәзір
Олимпиада

Қазақстандық спортшы Италиядағы халықаралық жарыста жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 217 қаралым
Қазақстандық спортшы Италиядағы халықаралық жарыста жеңіске жетті

Тау шаңғысынан Милан–2026 Олимпиадасына жолдама алған қазақстандық спортшы Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса қаласында өткен халықаралық турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандасымыз слалом жарысында ең үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.

Жүлдегерлер:

Александра Скороходова (Қазақстан) — 1:39.67

Гаритано Итурбе (Испания) — 1:40.52

Емма Гуггенхеймер (АҚШ) — 1:40.97

Аталған жарысқа 15 елден 30 спортшы қатысты.

Айта кетейік, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайда өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада тоғызыншы орынға тұрақтады.

 

 

Фото: СДД

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар