457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

Беделді халықаралық турнирде ел намысын бірқатар жетекші спортшылар қорғайды

Қазақстан құрамасы семсерлесуден БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады.

ҚР ҰОК мәліметінше, беделді халықаралық турнирде ел намысын бірқатар жетекші спортшылар қорғайды. Олардың қатарында Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Богдан Лукин, Михаил Кузьмин, Георгий Тинников, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, сондай-ақ әйелдер құрамасынан Владислава Андреева, Каролина Фомина, Виктория Кайсарова, Ләззат Кәрімова, София Николайчук, Ульяна Писцова және Наталья Зинякова бар.

Әлем кубогінің кезеңі 2–10 қаңтар аралығында өтеді. Турнир спортшылар үшін халықаралық рейтингтегі ұпай жинап, алдағы ірі жарыстарға дайындықты пысықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының төрт құрлық чемпионатына қатысатын тізімі де белгілі болған еді.

Фото: ҰОК