Мәзір
Олимпиада

Қазақстандық конькимен жүгірушілер Олимпиадада сынға түсті

Сабина Асқарқызы 107 қаралым
Қазақстандық конькимен жүгірушілер Олимпиадада сынға түсті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары жалғасуда, деп жазады malimsports.kz. 

9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.

Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен - Надежда Морозова. Ол 1:16.00 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.

Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-орынға ие болды. Ал Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсеткішімен 28-орыннан көрінді.

Нидерланд спортшысы Ютта Лердам Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды - 1:12.31. Күміс жүлде Фемке Кокқа (Нидерланд) бұйырды - 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги иеленді - 1:13.95.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар