Мәзір
Олимпиада

Қазақстан жүлделер кестесінде нешінші орында тұр

Сабина Асқарқызы 149 қаралым
Қазақстан жүлделер кестесінде нешінші орында тұр

Милан мен Кортине-д’Ампеццода (Италия) өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарының он күндік нәтижесі бойынша медаль кестесінде Норвегия құрамасы көшбасшылықты сақтап отыр.

Норвегиялық спортшылар қазіргі таңда 12 алтын, 7 күміс және 8 қола медаль жеңіп алған.

Екінші орында Италия құрамасы орналасқан. Италиялықтардың еншісінде 8 алтын, 4 күміс және 10 қола медаль бар.

Үздік үштікті Нидерланд құрамасы түйіндеп тұр. Олар 6 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль еншілеген.

Ал Қазақстан құрамасы он күннен кейінгі қорытынды бойынша медаль кестесінде 17-орында келеді. Ел қоржынында әзірге 1 алтын медаль бар. Бұл жүлдені қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алған.

Фото: Сали Сабиров (ҰОК)

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар