Мәзір
Олимпиада

Қазақстан жастар құрамасы алдағы матчтарға дайындықты бастады

Сабина Асқарқызы 159 қаралым
Қазақстан жастар құрамасы алдағы матчтарға дайындықты бастады

Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Андорраға қарсы ойынға дайындықты бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұдан бөлек, команда Өзбекстан жастар құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Аға бапкер Денис Мамонов оқу-жаттығу жиынына шақырылған 24 ойыншының тізімін жариялады. Дайындық 3 қазанда Алматыда басталады.

Құрамаға шақырылғандар:

Қақпашылар: Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»).

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Никита Губарев («Қайсар»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»), Рамазан Кәрімов («Жетісу»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Давид Есімбеков («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет («Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Тамерлан Ағыманов («Ертіс»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жетісу»).

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызыл-Жар»), Сэйф Попов («Алтай»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбаев («Оңтүстік академиясы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»).

Айта кетейік, жастар құрамасы іріктеу кезеңін Андорраны жеңумен бастаған, бірақ екінші турда Англиядан ұтылған еді.

Кесте:

9 қазан: Андорра – Қазақстан (Андорра, 22:30)

12 және 14 қазан: Өзбекстан – Қазақстан (Ташкент, жолдастық матчтар).

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар