Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы, фристайлшы Аяулым Әміренова параллел могул сайысында жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
1/16 финалда қазақстандық спортшы канадалық Джессика Линтонмен сынға түсті. Тартысты өткен жарыста Линтон трассаны жылдам әрі сапалы бағындырып, 21:14 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, канадалық спортшы 1/8 финалға жолдама алса, Әміренова турнирдегі өнерін тоқтатты.
Айта кетейік, бүгін тағы бір қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко 1/8 финалға шығуды қамтамасыз етті.
Сондай-ақ тәжірибелі спортшы Юлия Галышева да келесі кезеңге өтуге тырысады. Ол 14-жұпта оңтүстіккореялық Юн Шин-Имен бірге жарысты бастады.
Параллель могул – жылдамдық пен техникалық шеберлікті қатар талап ететін күрделі дисциплина. Қазақстан құрамасы бұл сайыста жүлдеге таласуды жалғастырып жатыр.
Фото: Ашық дереккөзден