Қазақстан спортшылары Олимпиадада спринт бойынша сынға түсті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан спринт бағдарламасы бойынша жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты. Жарыс жолына Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко шықты.
Келесі кезеңге өту үшін іріктеу қорытындысы бойынша үздік 30 спортшының қатарына ену қажет болды.
Нәтижесінде Дарья Ряжко 55-орын, Анна Мельник 58-орын, Надежда Степашкина 63-орын, ал Ксения Шалыгина 72-орын иеленді.
Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені швециялық Линн Сван көрсетті.
Фото: ҰОК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған