Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанды.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды.
А финалда Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.
Бұл қашықтықта алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.
Фото: ҚР ҰОК