Қазақстан шаңғышылары XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа кірісті

Қазақстанның шаңғы жарысы құрамасы 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарына дайындықты жалғастырып жатыр, деп malimsports.kz.
Қазақстанның ұлттық шаңғы жарысы құрамасы 1600 метр биіктікте Қырғызстан тауларында оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Дайындық кезеңінің қорытындысы бойынша спортшылар аэробтық негізін, күштік төзімділігін және жылдамдық көрсеткіштерін жақсартты. Жаттығу жиынының соңында бүкіл команда толық медициналық тексеруден өткен.
Келесі кезеңде құрама 4–7 қыркүйек аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында өтетін FIS шаңғы роликтері бойынша Азия кубогына қатысады деп күтіліп отыр.
Фото: olympic.kz


Ең көп оқылған
