Мәзір
Олимпиада

Қазақстан қысқы Олимпиаданың тағы төрт жолдамасын жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 53 қаралым
Қазақстан қысқы Олимпиаданың тағы төрт жолдамасын жеңіп алды

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін төрт жолдамамен аяқтап, Олимпиадада ел намысын екі ер және екі әйел биатлоншы қорғайды.

Квоталар атаулы емес, яғни нақты спортшыларды бапкерлер штабы анықтайды. Қазақстан Биатлоншылар одағы квоталарды пайдалану ниетін растап, Ұлттық Олимпиадалық комитет арқылы IBU мен Халықаралық Олимпиадалық комитетіне өтінім жібереді. Сол арқылы 2026 жылғы Олимпиадаға қатысушылардың ресми құрамасы бекітіледі.

Қазіргі таң ел қоржынында қысқы Олимпиаданың 27 жолдамасы бар.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар