Мәзір
Олимпиада

Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Олимпиада финалына шыға алмады

Сабина Асқарқызы 97 қаралым
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден  Олимпиада финалына шыға алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасында сайыстар басталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

9 ақпанда қалыпты тұғырдан секіру бойынша іріктеу кезеңі өтті. Финалға үздік 30 спортшы жолдама алатын еді. Алайда Қазақстан құрамасының өкілдері бұл кезеңнен өте алмады.

Данил Васильев 34-орынға тұрақтаса, Илья Мизерных 39-орынмен жарысты аяқтады. Осылайша, отандастарымыз финалға жолдама ала алмады.

Германия өкілі Филипп Раймунд іріктеу кезеңінің аралық көшбасшысы атанды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар