Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиададағы соңғы жарысына қатысты
Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық құрама үшін соңғы сын әйелдер арасындағы 50 шақырымдық классикалық әдіспен масс-старт болды. Бұл жарыста Қазақстан намысын Надежда Степашкина мен Анна Мельник қорғады.
Надежда Степашкина 31-орында мәреге жетті. Ал Анна Мельник көшбасшы спортшының айналып өтуіне байланысты жарысты аяқтай алмады.
Жарыста швециялық Эбба Андерссон жеңіске жетті. Норвегиялық Хейди Венг күміс жүлдеге ие болды. Швейцариялық Надя Келин қола медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы жарыс бағдарламасын толық аяқтады.
Биылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан 36 спортшы 10 спорт түрінде сынға түсті.
Фото: ҰОК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған