457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ спортшысы Қытай атынан Олимпиадаға қатысады

Ақнар Адақ Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайды

Қытайда туып-өскен ұлты қазақ спортшы Ақнар Адақ Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, қандасымыз Милан Олимпиадасында әйелдер арасында командалық конькимен жүгіру жарысында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Конькиші Ақнар Адақ — Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген.

Бірнеше мәрте Қытай чемпионы, қысқы Азия ойындарының және басқа халқарылқ жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар, ол Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақнар Адақ Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Фото: Синьхуа