457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

 «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы матчтарын Астанада өткізуі мүмкін

Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі барлық ойынын Алматыда өткізуді жоспарлап отыр. Алайда клуб елордада ойнау нұсқасын да қарастырған, деп хабарлайды malimsports.kz.

Топтық кезең аясында «Қайрат» өз алаңында төрт ойын өткізуге тиіс: «Реал Мадрид» (30 қыркүйек), «Пафос» (21 қазан), «Олимпиакос» (9 желтоқсан) және «Брюгге» (20 қаңтар).

Дегенмен, желтоқсан мен қаңтарда Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты («Олимпиакос» пен «Брюгге» матчтары кезінде аяз болуы мүмкін) ойындардың Астанаға ауыстырылу ықтималдығы бар.

Клуб «Орталық» стадионнан бөлек, «Астана Арена» стадионын да резерв ретінде тіркеген. Сондықтан қысқы ойындардың елордада өтуі әбден мүмкін.

Еске салсақ, негізгі кезеңнің алғашқы турында «Қайрат» сырт алаңда «Спортингке» 1:4 есебімен жол берген. Екінші турда алматылықтар 30 қыркүйекте өз алаңында Мадридтің «Реалын» қабылдайды.

 

Фото: sportplustv.kz