Превцтер отбасы Олимпиададағы сегізінші медалін жеңіп алды
Словения құрамасы трамплиннен шаңғымен секіруден Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен Олимпиада ойындарында аралас командалық жарыста алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Команда сапында Ника Водан, Анже Ланишек, Ника Превц және Домен Превц өнер көрсетті. Олар жалпы есепте 1069,2 ұпай жинап, чемпион атанған еді.
Ал екінші орынды 1038,3 ұпаймен Норвегия құрамасы иеленсе, үшінші орын 1034,0 ұпай жинаған Жапония спортшыларына бұйырды.
Словения құрамасы аралас командалық турнирде Олимпиада чемпионы атағын қорғап қалды. Қазіргі құрамнан Бейжің Олимпиадасына тек Ника Водан ғана қатысқан болатын.
Ника мен Домен Превцтің ағасы Петер 2014 және 2022 жылдардағы Олимпиада ойындарында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған. Ал тағы бір ағасы - Цене 2022 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған