Мәзір
Олимпиада

Павел Колмаков Олимпиаданы 16-орынмен аяқтады

Сабина Асқарқызы 60 қаралым
Павел Колмаков Олимпиаданы 16-орынмен аяқтады

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиадада фристайл-могулдан ерлер арасындағы финалдық бәсекелер мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Финалға жолдама алған 16 спортшының қатарында қазақстандық Павел Колмаков та болды.

Отандасымыз шешуші кезеңде 75.70 ұпай жинап, жарысты 16-орынмен аяқтады.

Колмаковтың Олимпиададағы ең үздік нәтижесі – 2022 жылғы Бейжің ойындарындағы 7-орын.

Айта кетейік, Павел Колмаков – 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бұл – оның мансабындағы төртінші қысқы Олимпиадасы.

Фристайлдан қазақстандық спортшылардың келесі жарыстары 14 және 15 ақпанға жоспарланған.

 

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар