457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Павел Колмаков Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңдерінен өте алмады

Параллельді могулдан 1/16 финалда қазақстандық спортшы Франция өкілі Артур де Вилокурды сенімді түрде жеңді.

Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Параллельді могулдан 1/16 финалда қазақстандық спортшы Франция өкілі Артур де Вилокурды сенімді түрде жеңді.

Келесі кезеңде оның қарсыласы Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери болды.

Ширек финалға жолдама алу үшін өткен жарыста тәжірибелі канадалық басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан 2026 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады.

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК баспасөз қызметі