Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан споршылары анықталды
6-15 наурыз күндері Милан және Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында XIV қысқы Паралимпиада ойындары өтеді.
Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі додада 79 медаль жиынтығы сарапқа салынып, әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысады. Ойындар бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген.
Қазақстан құрамасы пара шаңғы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Ұлттық құраманың сапына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Денис Кобаль енді.
Қазіргі уақытта спортшылар Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
XIV қысқы Паралимпия ойындарының ашылу салтанаты 6 наурыз күні Верона Олимпиадалық аренасында өтеді.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған