Паралимпиада-2026: Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі жарияланды
6-15 наурыз күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазақстан құрамасынан 7 спортшы қатысады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық құрама пара биатлон және пара шаңғы жарыстарында сынға түседі. Команданың ту ұстаушысы болып Ербол Хамитов (LW12 класы, отырып жарысатын спортшылар санаты) бекітілді.
Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин биатлон мен шаңғы жарыстарына қатысады. Ал Анна Грачова, Владислав Кобаль және Нұрлан Әлімов тек шаңғы жарыстарында бақ сынайды.
Қазақстандықтар медаль үшін күресті 7 наурызда пара биатлон бәсекелерінен бастайды.
Жарыс кестесі
6 наурыз
23:50 – Ашылу салтанаты
7 наурыз
14:35 – Пара биатлон, спринт (ерлер, отырып) – Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин
16:40 – Пара биатлон, спринт (ерлер, тұрып) – Александр Герлиц
8 наурыз
14:30 – Пара биатлон, жеке жарыс (ерлер, отырып)
16:30 – Пара биатлон, жеке жарыс (ерлер, тұрып)
10 наурыз
13:45 – Пара шаңғы, классикалық спринт, біліктілік (көзі нашар көретін әйелдер) – Анна Грачова
14:55 – Пара шаңғы, классикалық спринт, іріктеу (ерлер, тұрып)
15:05 – Пара шаңғы, классикалық спринт, іріктеу (ерлер, отырып)
17:30 – Пара шаңғы, спринт финалдары
11 наурыз
14:10 – Пара шаңғы, 10 км (ерлер, отырып)
15:35 – Пара шаңғы, 10 км (ерлер, тұрып)
16:25 – Пара шаңғы, 10 км (көзі нашар көретін әйелдер)
13 наурыз
14:15 – Пара биатлон, із қуу, іріктеу (ерлер, отырып)
14:50 – Пара биатлон, із қуу, іріктеу (ерлер, тұрып)
16:45 – Пара биатлон, із қуу финалдары
14 наурыз
15:15 – Пара шаңғы, ашық эстафета (ерлер мен әйелдер)
15 наурыз
13:15 – Пара шаңғы, 20 км (ерлер, отырып)
14:30 – Пара шаңғы, 20 км (ерлер, тұрып)
15:45 – Пара шаңғы, 20 км (көзі нашар көретін әйелдер)
Фото: lrt.lt
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған