457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Паралимпиада-2026: Александр Герлиц екінші жарыс күнін аяқтады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Милан-Кортина қысқы Паралимпиада аясында қазақстандық спортшы Александр Герлиц пара биатлоннан 12,5 шақырым қашықтықтағы жарыста өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 31 минут 55 секундта бағындырып, мәре сызығын тоғызыншы болып кесті.

Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, бұл дисциплинада жүлделі орындарды келесі спортшылар иеленді: Цай Цзя-юнь (Қытай) – алтын, Марк Арендз (Канада) – күміс және Марко Майер (Германия) – қола.

Айта кетейік, 13 наурыз күні Қазақстан құрамасының спортшылары Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Юрий Березин, Анна Грачова, Владислав Кобаль және Нұрлан Әлімов пара шаңғы жарысынан 1500 метр қашықтықтағы классикалық спринт дисциплинасында бақ сынайды.

 

 

Фото: Туризм және спорт министрлігі