Олимпиадада тау шаңғысы спортында қола жүлде берілмеді
Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан алып слалом бағдарламасы шиеленіске толы болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл ерекше жарыста Александра Скороходова да жүлдеге таласты. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, сайыс барысында екі бірдей спортшының уақыты тең болып қалуына байланысты қос күміс медаль табысталды. Ал қола жүлде ешкімге берілмеген.
Жүлдегерлер:
1-орын. Федерика Бриньоне (Италия) - 2:13.50
2-орын. Сара Хектор (Швеция) - 2:14.12
2-орын. Теа Луиза Стьернесунн (Норвегия) - 2:14.12
Ал Қазақстан атынан Александра Скороходова 2:23.31 уақыт көрсеткішімен 37-орынға тұрақтады.
Сайысқа 76 спортшы тіркелсе де, түрлі себеппен 20 спортшы мәреге жетпеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған