457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олимпиада: Құлап қалған ресейлік спортшыға жоғары баға берген қазақстандық төреші сынға ұшырады

Әсіресе, қазақстандық төреші Надежда Парецкаяның бағалары әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда.

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп, мәнерлеп сырғанау жарыстары жанкүйерлер назарында болды.

Алайда бәсеке аяқталғаннан кейін спорт қауымдастығы арасында төрешілер шешіміне қатысты қызу пікірталас басталды.

Әсіресе, қазақстандық төреші Надежда Парецкаяның бағалары әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда.

Петросянға ең жоғары ұпайды берген – Парецкая

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделия Петросян еркін бағдарламада 141,64 ұпай жинап, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 214,53 ұпаймен алтыншы орын алды. Спортшы еркін бағдарлама барысында төрт айналым тулупты орындау кезінде құлап, бұл оның жалпы нәтижесіне әсер етті.

Дегенмен, қазақстандық төреші Надежда Парецкая Петросянның еркін бағдарламасын 147,04 ұпайға бағалап, ең жоғары балл қойған жалғыз қазы болды. Бұл – басқа төрешілермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.

Ал ең төменгі бағаны Ұлыбритания өкілі Ричард Грейндж берді – 136,90 ұпай. Оның хаттамасында Петросян оныншы орынға жайғасқан.

Қазақстандық спортшыларға әділ баға берілді ме?

Әлеуметтік желілерде кейбір жанкүйерлер қазақстандық төрешінің ресейлік спортшыға жоғары ұпай беріп, ал Қазақстан намысын қорғаған мәнерлеп сырғанаушыларға қатаң талап қойғанын алға тартуда.

Софья Самоделкина Олимпиаданы оныншы орынмен аяқтады. Жанкүйерлердің пікірінше, оның бағалары төмендетілген.

Ал ерлер арасындағы жарыста Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша жетінші орын алып, күрделі жағдайға тап болды. Соған қарамастан, еркін бағдарламада ол тәуекелге барып, бес төрттік секіру орындады. Сондай-ақ сирек кездесетін комбинация – үштік аксель, Эйлер және төрттік Сальховты сәтті орындап, нәтижесінде алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды.

Әлеуметтік желілерде кейбір қолданушылар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінен ресми түсініктеме беруді талап етуде. Сонымен қатар, не себепті Олимпиада төрешісі ретінде 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Турсынбаева жіберілмегені жөнінде де сұрақтар қойылуда.

Қазіргі уақытта ресми органдар тарапынан нақты түсініктеме берілген жоқ.

Милан Олимпиадасындағы төрешілер шешімі мәнерлеп сырғанаудағы кезекті дауға айналып, спорт жанкүйерлері арасында қызу пікірталас тудыруда.

Фото: 1bol.kz